АИТВ-мен ауыратын балаларды қолдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің көмегі керек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - АИТВ-мен ауыратын балаларды психологтардыің көмегімен қолдау үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қаржылық көмегі керек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Балаларды қорғаймыз» қоғамдық қоры мамандарының АИТВ-мен ауыратын балаларға псиологиялық кеңес берулері үшін қаржылары жоқ.

Балаларға олардың диагноздарын естіру үшін жылына 6 млн.теңге керек. Қоғамдық белсенділер облыстық әкімдікке де, министрлікке де өтініш жазған. Биыл 10 жыл алдын ауруханада емделген 100 балаға ауыратындарын хабарлау керек. Жылдың басынан бері 65 бала диагноздарын білген. Психологтардың айтуынша, бір де бір суицидтік жағдай орын алмау үшін жұмыс жасалған. Иә, балалардың реакциясы әртүрлі, бірақ олар жалғыз емес екендіктерін көріп, алда қызықты өмір күтіп тұрғандарына сенеді.

Қоғамдық қордың белсенділері Қазақстанда ешқандай заңнамада АИТВ-мен ауыратын балаларды диагноздарын естірту мекемелерінің жоқ екендігін алға тартып, ұсыныс жасауда. Ресей Федерациясында бала 8 жасқа толғанда науқас екендігін хабарласа, біздің елімізде ол жасты тым ерте деп, 11-ден 15 жасқа дейінгі аралықта мәлім етеді. 

Соңғы жаңалықтар