Airbus-320 ұшағының ұшу-қону жолағынан неге шығып кеткені белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылдың мамырында Airbus-320 әуе кемесі «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайына қонғаннан кейін жасанды ұшу-қону жолағынан шығып кеткен болатын. Оқыс оқиғаны тексеру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тексеру жөніндегі комиссиясы 2018 жылғы 22 мамырда «Эйр Астана» АҚ пайдалануындағы Airbus-320 әуе кемесінің «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағынан шығып кетуіне байланысты авиациялық оқыс оқиғаны тексеруді аяқтады», - делінген аталған ведомство хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, авиациялық оқыс оқиғаның басты себебі - ұшақтың 311о-ке дейінгі бағыттық мәнде әрі бүйірден секундына 22 метр жылдамдықпен қатты жел соғып тұрған кезде қонуы. Airbus-320 қонғаннан кейін жылдамдықты секундына 6 метрге дейін күрт төмендеткен. Сондықтан, бүйірден соққан қатты желдің орнын толтыру үшін құрастырылған ұшақ (22 м/с дейін) жел жылдамдығының күрт азаюы жағдайында (6 м/с дейін) жасанды ұшу-қону жолағының осінен оңға қарай бұрылған. Экипаж ұшақты басқара алмай, әуе кемесі жасанды ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Еске салайық, өткен жылы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Шымкент - Астана бағытындағы ұшағы қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кеткен еді. Ұшақ ішінде 106 адам болған,

Соңғы жаңалықтар