Air China ұшағының қозғалтқышынан өрт шықты, зардап шеккендер бар

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күндіз Air China ұшағында қозғалтқыш өртеніп, ол Сингапурге сәтті қонып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Әуе компаниясының хабарлауынша, Тяньфу әуежайынан Чэнду қаласына ұшқан CA403 рейсінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің бәрі жерге қонғаннан кейін 16:00 шамасында үрлемелі трап көмегімен эвакуацияланды.


Оқиға себептері тергеліп жатыр.

Кейінірек Сингапур билігі борттағы тоғыз адам жеңіл жарақат алғанын хабарлады.

Сингапурдағы Чанги әуежайының №3 ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Сол жақ қозғалтқыштағы өрт сөндіріліп, 146 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі эвакуацияланды.

Ұшуды аңдитын VariFlight.com қосымшасы сингапур уақытымен 20:00-дегі жағдай бойынша, ұшу мен қонудың шамамен 30%-і осы оқиғаға байланысты кешіктірілгені немесе тоқтатылғанын көрсетті.

Чанги әуежайы Facebook-те ұшақтың қауіпсіздігі тексерілгеннен кейін шамамен үш сағаттан соң ұшу-қону жолағы қайта ашылғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар