«Air China» ЭКСПО кезінде Астана мен Бейжің арасына әуе рейсін ашады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың маусым айынан бастап қытайлық «Air China» әуе компаниясы Бейжің мен Астана арасына тұрақты рейс жасай бастайды, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстер санын өсіре түсуге келістік. Атап айтар болсақ, аптасына Алматы мен Бейжің арасына қатынайтын рейстер саны 5-тен 7-ге, Астанадан Бейжіңге 3-тен 4-ке көбейеді. Сонымен қатар, егер бұрын қытайлық компаниялар Астанаға ұшпайтын болса, 2017 жылдың маусым айынан бастап ЭКСПО қарсаңында олар төрт рет қатынайды, яғни біз жолаушылар ағынының артатын көреміз. Астана-Үрімжі және Алматы-Үрімжі арасына қосымша рейстер ашылады», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қытайға сапарының қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында.

ҚазАқпараттың нақтылай кеткен сұрағына министр тұрақты әуе қатынасын Қазақстан Қытай астаналары арасында «Air China» жүргізетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар