Аir Canada ұшағы турбуленттілік ағынына түсіп, 35 адам жарақат алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канадалық Air Canada әуе компаниясының лайнері турбуленттілік ағынына түсіп, салдарынан 35 адам зардап шекті, деп хабарлады бейсенбі күні CBS телеарнасы.

Boeing 777-200 Торонтодан Сиднейге бара жатқан. Канададан шыққаннан кейін ұшақ турбуленттілік ағынына түсіп кетіп, Гонолулу (Гавайи, АҚШ) әуежайына қонуға мәжбүр болды. Лайнердің бортында 269 жолаушы және 15 экипаж мүшесі болған. 35 адам жарақаттанды.

Қазіргі уақытта жолаушылар қонақүйге орналастырылды. Олар таяу уақытта Австралияға ұшып кетеді.

Соңғы жаңалықтар