Air Astana жолаушылары Франкфуртта бөгеліп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық себептерге байланысты Франкфурттан екінші тәулік ұша алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Әуе компаниясының хабарлауынша, қазір әуе бортындағы ақау жөнделіп, рейс ұшуға дайын.

«Франкфурт-Астана бағытындағы КС 922 рейсі 26 наурызда сағат 16:00-де ұшуы тиіс болған. Алайда ұшақ дөңгелегіндегі ақауға байланысты әуе кеме жолға шыға алмады. Жолаушыларға ыстық тамақ пен жатын орын қамтамасыз етілді. Рейс бүгін 16:00-де ұшып шығуы тиіс», - деді Air Astana баспасөз хатшысы Тілек Абдрахманов.

Рейстің бөгелгені туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова хабарлаған болатын.

«Екінші тәулік Астанаға жете алмай жатырмыз. Біздің ұшақ ұшуға жарамсыз деді. Неміс мамандары ақау бар деп тұр. Олардың айтуынша, біздің әуе компаниясы ақаулы ұшақтармен жиі келеді екен. Air Astana, біз қашан Астанаға жетеміз? Күнделікті әуе билетінің бағасы шарықтап бара жатқанына қарамастан, нарықтағы басқа компанияларды ығыстырып бара жатқанына қарамастан осындай ақау болатыны түсініксіз» - деді депутат әлеуметік желіде.

«Эйр Астана» АҚ қоғаммен байланыс департаменті бөгелген рейс жолаушылары өтемақы алу үшін компанияға жүгіне алатындарын хабарлады.


Фото: facebook.com/pg/airastana

Соңғы жаңалықтар