Air Astana үстінен қозғалған іс әкімшілік сотта қаралып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокуратура мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бірлесіп «Air Astana» әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Авиабилет бағасы бойынша биыл Бас прокуратура «Air Astana» әуе компаниясына қатысты тексеруді қолға алды. Жұмыс тобына маман ретінде бізді де тартты. Бәсекелестік заңнамасының сақталуы бойынша тексеру жүргіздік. Нәтижесінде, біз өз қорытындымызды және Бас прокуратура өз қорытындысын ұсынды. Бас прокуратураның ұсынысы бойынша біз «Air Astana» әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғадық. Бүгінде аталған іс әкімшілік сотта қаралып жатыр», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, агенттік төрағасының орынбасары әкімшілік соттың шешімі туралы қосымша хабар берілетінін айтты.

Еске сала кетсек, биыл қыркүйекте Air Astana әуе компаниясына 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған еді. Ресми ақпаратта айтылғандай, аталған әуе компаниясы осы жылы жеті рет айыппұл арқалады.


Соңғы жаңалықтар