Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты елорда әуежайына қайтып оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Бішкек рейсімен ұшқан Air Astana әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтып келді.

«16 маусым күні Астана-Бішкек бағытымен рейс жасаған Эйр Астана әуекомпаниясының Эмбраер-190 әуе кемесі аспанға көтерілгеннен кейін салонның салқындатқыш жүйесі істен шыққан. Экипаж аэродромға қайта оралу туралы шешім қабылдаған», - деп хабарлады ҚР ИДМ ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, ұшақ Астана әуежайына сағат 09.36-да қонған.

«Қайта оралудың себебі ұшақтың материалдық-техникалық бөлігіндегі ақауларға байланысты болған, бірақ ол ұшақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ешқандай кедергі келтірмеді. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өміріне қауіп төнген жоқ. Экипаждың әрекеті штаттан тыс жағдайда дұрыс болды», - деді Мұрат Жұманбай.

Қазіргі таңда әуе кемесі осы оқиғаның себебі мен жағдайы анықталғанға дейін Астанадағы әуежайда болады. 

Соңғы жаңалықтар