+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Air Astana», «Qazaq Air» мен «ҚТЖ» қашан жекешелендіріледі

2020 жылғы 17 маусым 11:24
Бөлісіңіз:
«Air Astana», «Qazaq Air» мен «ҚТЖ» қашан жекешелендіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев «Air Astana», «Qazaq Air» авиакомпаниялары мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қашан жекешелендірілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 70 нысанды жекеге сату жоспарланып отыр – Қаржы министрі

«Қазіргі жағдайды талдай отырып, біздің компаниялардың ІРО-сына қатысты айтарлықтай қауіп барын анықтадық. Яғни қазір ІРО-ға қойылған жағдайда компаниялар баға жағынан да, көлемі жағынан да Үкімет қойған параметрлік базаларға жетпей қалуы мүмкін. Сол себепті біздің стратегия бойынша компаниялардың ұзақ мерзімді бағасына бағыт-бағдар ұстанып отырмыз. Қазақстан халқы үшін осылайша барынша табыс келетіндей жұмыс жүргізбекпіз», - деді Алмасадам Сатқалиев тікелей эфирде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.


Сол себепті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Үкіметке компаниялардың жекешелендірілу мерзімін өзгерту туралы ұсыныс білдірген.

«Яғни біз биыл тізімде тек төрт активті қалдыруды ұсындық. Олар: «Қазақтелеком» мен орташа көлемдегі үш актив. 2021 жылы жекешелендірілетін ірі активтердің ішінде тек «Қазпошта» пен «Самұрық Энерго» бар. Ал 2022 жылы «Air Astana» мен «Qazaq Air», сонымен бірге «Самұрық-Қазынаның» тау-кен компаниясын, 2023 жылы «Қазақстан темір жолын» жекешелендірмекпіз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT