Air Astana әуекомпаниясын IPO-ға шығару кейінге шегерілді
2022 жылғы 28 маусым 18:20

Air Astana әуекомпаниясын IPO-ға шығару кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Air Astana әуекомпаниясын IPO алаңына шығару мәселесін кейінге шегерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, барлық портфельдік әуекомпания арасында «AirAstana» IPO-ға барынша дайындалды.

Бірақ әлемдегі қазіргі жағдайға, соның ішінде Еуразияның еуропалық бөлігіндегі қақтығысқа байланысты биыл IPO-ға шықпау және келесі инвестициялық мүмкіндікті күту туралы шешім қабылданып отыр.

«Бұл ретте біз компанияның капиталына белгілі бір шарттарды ұсына алатын әлеуетті, стратегиялық инвесторлармен белсенді жұмысты бастап кеттік», - деп түсіндірді ұлттық қор басшысы.

Еске сала кетсек, биыл мамырда «Самұрық- Қазына» әл-ауқат ұлттық қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев AirAstana-ны IPO-ға шығару туралы шешім жазда қабылданатынын хабарлаған еді.

Бұған дейін ұлттық қор басшысы «ҚазМұнайГаз» акцияларының AIX және KASE алаңында IPO-ға шығатынын айтты.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT