Air Asia ұшағының құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиялық Air Asia компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін, деп есептейді Индонезияның үкіметтік метеорологиялық агенттігінде (BMKG).

«Ұшақпен соңғы байланыс кезінде алынған мәліметтерге қарағанда, ауа райының нашарлауы апаттың басталу факторы болған», - делінді BMKG сайтында жарияланған баяндамада.

Агенттікте әуе кемесінің апатына оның қозғалтқышының ақаулығына әкеліп соқтырған мұздану себеп бола алатыны айтылады.

Айта кетейік, 28 желтоқсанда AirAsia компаниясының әуе кемесі ұшып шыққаннан сәтінен шамамен 40 минуттан соң радарлар назарынан жоғалды, сол кезде оның Калимантан (Борнео) аралының ауданында ұшқаны шамаланады. Әуе компаниясының мәліметтерінше, ұшақтың ішінде 162 адам: 155 жолаушы (соның ішінде 17 бала), екі ұшқыш, бортинженер және төрт жолсерік болған, деп жазады Газета.ру.

Соңғы жаңалықтар