+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

АИИБ мен ҚР Энергетика министрлігі меморандумға қол қойды

2019 жылғы 29 қараша 22:58
Бөлісіңіз:
АИИБ мен ҚР Энергетика министрлігі меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамытуды қолдау және ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 50 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді 2020 жылы Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді Семей қазандықтары арнайы тексеруден өтеді

Меморандум Энергетика министрлігі мен АИИБ арасында жаңартылатын энергия көздері секторындағы ынтымақтастықты дамытуды және Министрліктің осы саладағы АИИБ инвестициялық қызметін қолдауды көздейді.

Министрлік пен АИИБ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалардың қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін маңызы зор екенін атап өтті. Тараптар өз құзыреті мен қызмет бейіні шеңберінде Қазақстан Республикасының экономикасына АИИБ мен басқа да халықаралық қаржы институттары мен жеке инвесторларды қаржыландыруды тарту үшін Институционалдық база мен түйінді шарттарды жетілдіруде өзара ынтымақтаста болады.

АИИБ Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларды қаржыландыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою АИИБ-нің осы жобаларға қатысуы үшін берік негіз қалыптастырады. АИИБ Инвестициялық комитеті мақұлдаған Қазақстандағы бірінші жоба Қазақстанның оңтүстігінде Жамбыл облысында қуаты 100 МВт Жаңатас жел электр станциясының құрылысы болып табылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT