Аида Сатыбалдинова WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-2-1, 2 КО) Монтебеллода (АҚШ, Калифорния) өткен кеште өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда ол америкалық Челси Андерсонмен (5-0, 2 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте боксшылар WBC International-дың жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белдігі үшін күш сынасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Андерсонның жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Челси Андерсон кәсіпқой мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBC International тұжырымы бойынша чемпион атағына ие болды. «Леди спарта» лақап атымен танымал Аида Сатыбалдинова болса, кәсіпқой рингте осымен үшінші рет жығылды.

Еске салайық, кеше қос боксшы кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған болатынбыз.


Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар