Аида Сатыбалдинова титул үшін айқасы алдында салмақ өлшеуден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы, «Леди Спарта» лақап атымен танымал Аида Сатыбалдинова (6-2-1, 2 КО) америкалық Челси Андерсонға (5-0, 2 КО) қарсы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қарсыластар ертең таңертең Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында Монтебеллода (Калифорния штаты, АҚШ) жеңіл салмақтағы бос тұрған WBC чемпиондық титулы үшін күш сынайды. Оны UFC Fight Pass сервисі көрсетеді.

Өлшеу нәтижесі бойынша екі қарсылас та 61,23 кг/135 фунт салмақ дәрежесінің лимитіне сай келді. Аида биыл осымен екінші рет рингке шыққалы тұр. 19 маусымда Коммерсияда (Калифорния штаты, АҚШ) Сатыбалдинова үш жылдан кейін рингке оралып, гаитиялық Джайка Павилусты (3-6-1, 1 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.




Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар