Аида Сатыбалдинова келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-2-1, 2КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәлем-сәлем, достар! Жақсы жаңалық! Жаңа ғана келесі жекпе-жегім бойынша келісімшартқа отырдым! Тағатсыздана күтеміз және жұмыс істеуге дайынбыз! Айқас 4 тамызда өтеді. Егжей-тегжейлі мәлімет білгіңіз келсе, бізбен қалыңыздар!», - деп жазды «Леди Спарта» Instagram-дағы жеке парақшасында.
Еске салайық, биылғы 19 маусымда АҚШ-тың Калифорния штаты Коммерс қаласында Аида Сатыбалдинова титулдық жекпе-жегін өткізді. Төрешілердің бірауызды шешімімен ол Гаити өкілі Джайка Павилусті (3-6-1, 1КО) жеңді. Бұл қазақстандық боксшының 2019 жылдан бері өткізген алғашқы айқасы.


Соңғы жаңалықтар