Аида Сатыбалдинова алғашқы жеңілісінің себебін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Техас штаты Корпус-Кристи қаласында қазақстандық Аида Сатыбалдинова (3-1-1) төртінші раундта NABF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық Селена Барриостан (4-0, 2 КО) нокаутқа түсіп, жеңіліп қалды.

«Әйелдер арасындағы GGG», «Леди Спарта» атанған Аида Сатыбалдинова Sports.kz-ке берген сұхбатында жеңілісінің себебімен бөлісті.

«Әрине, ренжулімін. Барлығы маған айқастарды жиі өткізесің деп айтып жатыр. Олардың айтқандары дұрыс шығар. Аптасына жеті күн жаттықпай, ағзаны кейде қалпына келтіру үшін уақыт беріп отыру керек. Денсаулығым жақсы. Бұл менің алаңғасарлығым. Өзім кінәлімін», - деді спортшы.

Соңғы жаңалықтар