Аида Балаева: Жас ғалымдар қазақстандық және әлемдік ғылымды дамытуға лайықты үлесін қосады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің жас ғалымдары қазақстандық және әлемдік ғылымды дамытуға лайықты үлесін қосып келеді. Бұл туралы елордада Тұрақты даму және инновациялар бойынша екінші Орталық Азия форумының ашылуында ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылымды дамыту - жаһандық әлемде Қазақстанның бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы ретінде мойындалады», - деді Аида Балаева.

Президенттік бірегей «Болашақ» бағдарламасының арқасында жас ғалымдар өздерінің зерттеулерін әлемнің озық ғылыми орталықтарымен серіктестікте жүргізе алады.

«Сонымен қатар, стартаптар мен жаңа технологиялық өндірістерді дамыту үшін маңызды экоорта ретінде Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық паркі белсенді дамып келеді. Үздік білім мен тәжірибені алған біздің жас ғалымдар қазақстандық әрі әлемдік ғылымды дамытуда өзінің лайықты үлесін қосатынына сенімдімін», - деді Аида Балаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, форум ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жас ғалымдардың, Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.

Форум мақсаты - идеялар мен жобаларды ілгерілету үшін жас ғалымдарды біріктіру, әлеуетті инвесторлармен және серіктестермен байланыстарды орнату.

Соңғы жаңалықтар