USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Аида Балаева Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі туралы айтты

2021 жылғы 22 қараша 11:41
Бөлісіңіз:
Аида Балаева Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Оныншы рет өтіп отырған Ахаматтық форум қоғам тарапынан айтылған идеялар мен бастамаларды мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарына енгізетіндей қауқары бар институтқа айналды. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық форум Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің «декларативтік-хаттамалық слеті» ғана емес. Кейбір бастамашыл адамдар айтқандай, қолданбалы идеялар мен бастамалар туындайтын, министрлер мен әкімдерді қоғам белсенділерімен тең дәрежеде бірлескен іс-қимылға жетелейтін, мемлекет ҮЕҰ-ны жекелеген әлеуметтік проблемаларды шешуге тартатын нағыз жұмыс процесі», -деген Аида Балаева өткен апта бойы бейіндік ҮЕҰ–мен тікелей диалогқа шығып, саладағы проблемаларды ашық талқылап, шешімін бірге іздеген әріптестеріне – министрлерге алғыс білдірді.

«Осылайша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарының өміршеңдігін растап қана қоймай, осындай ашық кездесулердің қажеттілігіне, тиімділігі мен пайдалылығына назар аударылды. Егер шенеуніктер, бизнесмендер, коммерциялық емес сектордың кәсіпқойлары және сарапшылар бір-бірімен серіктес ретінде байланыс орната алса, саяси, экономикалық және әлеуметтік қателіктердің ықтималдығын күрт төмендейді. Осылайша дамудың берік негізі қаланады», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол форумға алғаш рет қатысып отырған ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, Фридрих Эберт қоры, ЮНЕСКО, ЮСАИД сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдеріне алғыс білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT