Аида Балаева Тәуелсіздіктің нығаюына үлес қосқан жастарды атады
2021 жылғы 24 қараша 09:46

Аида Балаева Тәуелсіздіктің нығаюына үлес қосқан жастарды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Тәуелсіздіктің нығаюына үлес қосқан жастар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Санаулы күндерден кейін еліміздің ең басты мерекесі Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Биыл еліміз үшін тарихи мәні мен маңызы зор ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық межесін бағындырып отырмыз. Әрине, бүгінгі күннің жетістігі оңай келген жоқ. 30 жылдық дамуда, Елбасы айтқандай, табыстармен қатар қиындықтар да аз болмады. Дегенмен еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасының кемергерлігінің арқасында Тәуелсіз Қазақстан өзінің стратегиялық даму бағытын дер кезінде анықтады. Соның нәтижесінде қиындықтарды тез еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсті. Сондықтан да бүгін Елбасы және Тәуелсіздік сөздері егіз ұғымдарға айналды», - деген министр осы жылдар ішінде озық ойлы, жан-жақты, білімді, талантты өздеріңіз сияқты жас буын қалыптасқанын еске салды.

«Бүгінде әлемде «Қазақстан қайда, қандай ел», деп сұрайтындардың қатары азайып келе жатыр. Оған түрлі саладағы жетістіктер куә. Соның ішінде елімізді жаһанға танымал етуге өлшеусіз үлес қосып жүрген талантты жастарымыз жетерлік. Музыкада Димаш Құдайберген, Мария Мудряк, Данелия Төлешова, «Грэмми» cыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкенев, спортта Геннадий Головкин, Жәнібек Әлімханұлы, Данияр Елеусінов, шахматтан халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, отандық нановакинаның авторларының бірі, жас ғалым Қайсар Табын. Бұл тізімді тоқтаусыз жалғастыра беруге болады. Бұл сөз жоқ, Тәуелсіздік алғаннан бастап дастар мәселесінің басты назарда болып, ел басшылығының талантты дастарға көрсеткен тұрақты қолдауының жемісі», - деді Аида Балаева.


Jańalyqtar

MURAǴAT