Аида Балаева «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына қатысты жиналыс өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Рухани Жаңғыру « бағдарламасын жүзеге асыру және «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жұмысына байланысты жиналыс өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат министріктің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара Zoom бағдарламасы бойынша, онлайн форматта өтті. Кездесу барысында қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар мен жаңа жобалардың перспективалары және тағы басқа мәселелер қаралды.

Мемлекеттің сананы жаңғырту жөніндегі іс-шараларында сараланған көзқарас болуы қажеттілігіне, өңірлерде жұмыс істеудің маңыздылығына, жаңа интернет-жобаларды дамытуға және тағы басқа салалық өзекті мәселелерге барынша назар аударылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша министр жауапты адамдарға бірқатар тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар