Аида Балаева резервшілердің қоғаммен диалог орнатуға қатысты сауалына жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева президенттік кадрлық резервке кірген жастармен Zoom тұғырнамасында онлайн режимдегі кездесуде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында азаматтық қоғам институттарымен талқылау жүргізілетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

B2C consulting group басқарушы серіктесі, резервші Александр Даниловтың модераторлығымен өткен кездесуге еліміздің барлық дерлік өңірінен президенттік кадрлық резервке кірген жастар қатысты. Шара барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын барлық жоба министрліктің негізгі серіктесі саналатын Азаматтық альянс тарапынан сарапталатындығын атап өтті.

«Біз үшін халықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды міндет. Мемлекеттік қызметте бұл ақпарат жиі бюрократиялық тілде беріліп, халық белгілі бір бастаманы, бағдарламаның түпкі мәнін жете түсінбей жатады. Сондықтан ақпаратты қарапайым тілмен жеткізу өте маңызды. Біз қолданбалы сипатқа ие мемлекеттік бағдарламалар порталын құрдық. Оны сұрақ-жауап түріндегі YouTube қосымшасымен толықтырдық. Бүгінгі күні халықпен белсенді кері байланысты орнатып, олардың үнін есту, сұраныстарына жауап беру маңызды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, үкіметтің емес ұйымдар тарапынан ұсынылатын жобалардың барлығы мүмкіндігінше әлеуметтік бағдарланған болуы қажет әрі халықтың барлық санатына көмектесу тиіс.

«Біз бұл жобаларды жүзбе-жүз талқылауға және оның жүзеге асырылу тиімділігін қадағалап отыруға ниеттіміз. Сол кезде мемлекеттік қызметке әрі жекелеген министрліктердің атына сын-пікірлер аз болар еді», - деді Аида Балаева.

Онлайн кездесу барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жобалық басқару департаменті директорының орынбасары Азиз Ысқақов министрден «резервшілерден жасақталған бастамашыл топтың Ашық үкімет порталын қайта іске жұмысына тартылуы мүмкін бе» деп сұраған болатын.

«Өкілетті орган Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сөіздердің көмектеріңізді қабыл алады. Сіздердің қатысуларыңыз үшін ара ағайын болуға дайынмын. Мен үшін Ашық үкімет порталының жұмыс істегені маңызды. Оны барынша бейімдеу қажет, жаңа қызметтері де болуы мүмкін», - деп жауап берді министр.

Ал Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Станислав Кәрімов мемлекеттік органдар тарапынан шешімдерді халықпен талқылауда кемшіліктер бар екендігін айтты.

«Баламасыз шешім деген түсінік бар. Мемлекеттік органдар халықпен талқыламай жатып шешімдерді шұғыл қабылдап жатады. Талқылағанның өзінде мән-жайын алдын ала талқылау жоқ. Диалогты талқылауда кемшіліктер бар. Егер мұны жолға қойса, онда көптеген проблема шешілер еді. Меніңше, үкіметтік емес ұйымдар жұмысының нәтижелілігі төмен. Олар мемлекеттік тапсырыспен жоба жасағанымен жұмыстары көрінбейді», - деді Станислав Кәрімов.

Осы ретте министр оның пікіріне қолдау көрсетті.

«Қазіргі уақытта біз сіз айтқан шаралардың барлығын жүзеге асыруға ниеттіміз. Сондықтан «қоғаммен тұрақты сұхбаттастық маңызды» деп өте дұрыс атап өттіңіз», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар