Аида Балаева референдумда дауыс берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева референдумға ерте келгендердің бірі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аида Балаева елордадағы №111 референдум учаскесінде таңдауын жасады.

«Референдумға қатысушылардан белсенділік күтеміз. Үгіт-насихат кезінде ауқымды жұмыс атқарылды. Әлеуметтік желіден байқасақ, референдумға келіп, өз таңдауын жасайтындар көп. Бүгін сол іс жүзінде дәлелденсе деймін. Референдум учаскелері таң ертесімен жұмысын бастап кетті. Адамдардың келу қарқыны да жақсы», - деді А. Балаева тілшілерге сұхбат бере тұрып.

Референдум учаскесі жұмысын сағат 7:00-де бастады.

Бұған дейін аталған учаскеде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов таңдауын жасаған еді.


Соңғы жаңалықтар