Аида Балаева: Президент Жолдауы елімізді дамудың жаңа деңгейіне шығаруға бағытталған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Ассамблея мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатыстып отыр.

«Президенттің бәрімізді Жаңа Қазақстанның айналасына топтасуға, жаңару мен жаңғыру жолына шақыруы әділетті. Жолдаудың басым бағыттары мен міндеттері Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері жиынтығына негізделген. Біз Президент саясатының біріздігін, іске асырып жатқан реформалары елімізді дамудың жаңа деңгейіне шығаруға бағытталғанын көріп отырмыз. Бүгін біз еліміздің мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне шыққанын сеніммен айта аламыз. Оның негізі саяси жүйені жылдар бойы шоғырланған қоғамдық мәселелерге, түбегейлі өзгерулерге бағытталған кешенді жаңғырту бағдарламасы болмақ», - деді Аида Балаева.

Оның пайымынша, Президент Жолдауында көрініс тапқан реформалар орнықты әрі жан-жақты ойластырылған шешімдерге негізделген.

«Мемлекет басшысы әр қазақстандықтың көкейіне өзі үшін елдің бақуатынан маңызды ештеңе жоқ екенін айқын әрі шын жүректен жеткізе білді. Әрқайсымыз сол бақуаттың жауапкершілігі бәріміздің мойнымызда екенін түсініп отырмыз», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар