USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Аида Балаева Өзбекстанның кинематография агенттігі басшысымен кездесті

2021 жылғы 7 желтоқсан 17:16
Бөлісіңіз:
Аида Балаева Өзбекстанның кинематография агенттігі басшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасы кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік мәліметіне сәйкес, Аида Балаева телевизиялық сериалдар, деректі фильмдер өндірісін қамтамасыз ету және продакшн-индустрияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Өз тарапынан Фирдавс Абдухаликов министрді Өзбекстандағы кинематография саласының жай-күйі, перспективаларымен таныстырды.

«Тараптар екі елдің телеарналарында көрсету үшін кино өнімдерімен алмасу, бірлескен телевизиялық жобалар құру мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің кинематография және теледидар өнімдері саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниет білдірді», - делінген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT