+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Аида Балаева Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті

2021 жылғы 19 қыркүйек 17:33
Бөлісіңіз:
Аида Балаева Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында болған Қазақстан халқына Жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге бастама бергенін, сондай-ақ, жалпы тарихи Отанына келетін қандастардың бейімделуіне жәрдемдесуге қабілетті сұрақтар өзектендірілгенін айтты.

Бұдан басқа, Аида Балаева осыдан бұрын қандастарға Қазақстан азаматтығын алу бойынша тиісті құжаттарды беру, қандастар қатарындағы жастар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында берілетін квоталар туралы мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі мен мерзімдері айтарлықтай жеңілдетілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Аида Балаева қазақ халқының мәдениеті мен тілін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда әлемдегі ірі қазақ қауымдастықтарының бірі тұрып жатыр және өткен жылы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен осы елдің астанасы Ташкентте «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйі ашылды.

Министрмен кездесуге Өзбекстан қазақ жұртшылығының көрнекті өкілдері, оның ішінде республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы С.Үсенов, академик, профессор Қ.Сейданов және басқалар қатысты. ие.

Кездесуді ұйымдастыруға Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы елшілігі атсалысқанын айта кету керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Тұрсынәлі Ахмедов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT