Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген Ақорда сайтында.


Соңғы жаңалықтар