+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Аида Балаева Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

2021 жылғы 13 мамыр 18:07
Бөлісіңіз:
Аида Балаева Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының 60-жылдығына арналған салтанатты шарасына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.

Министр бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқандығын және оның маңыздылығын атап өтті.

Аида Ғалымқызы Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының ардагерлерін және жұмыскерлерін құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапаттады.

«Телерадиохабар таратудың заманауи инфрақұрылымын жасау министрлік пен «Қазтелерадио» ұлттық операторының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады« - деді министр.

Министр пандемия кезінде цифрлық әлемнің жылдам дамуына байланысты бұл компанияның одан әрі дамып, заманға сай болу қажеттілігін атап өтті.

Бұдан басқа А. Балаева жұмыс сапары барысында Қостанай облысының БАҚ бас редакторларымен кездесіп, Өңірлік жастар орталығының жұмысымен танысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT