Аида Балаева көшбасшы жастарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барысы туралы айтып берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Ақмола облысындағы «Зерен» республикалық жастар білім лагерінде еліміздің әр өңірінен жиналған көшбасшы жастарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен мүмкіндіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Рухани жаңғыру» елімізде ең үлкен талқыға түскен бағдарлама. Жүзеге асыру қолға алынған бері осы бағдарлама туралы көптеген ой пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Осы аралықта республикалық, облыстық деңгейде сарапшы кеңестер бағдарламаның жүзеге асырылуына, жаңа жобаларды жасақтап ұсынуға өздерінің үлестерін қосты. Қазіргі кезеңде бұл кеңестерге өзінің құқықтық статусын беру керек болып тұр. Біз оны әкімдік жанындағы консультативтік кеңес ретінде қайта құрылады деп ойламыз. Ал, республика деңгейіндегі ол үкіметің жанында кеңес болады. Сөйтіп, бұл өзі жүйелі бір үлкен институт арқылы дамып жүзеге асырыла береді», - дейді А.Балаева.

Сонымен қатар, ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына еліміздің әр азаматы қатысса ғана оның нәтижесі тиімді болатын айта келе, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі қарай тиімді жалғастырыла берілетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысының «Зерен» сауықтыру орталығының базасында «Зерен» республикалық жастар білім лагерінің «Жаңғыру трендтері» екінші ауысымы ресми түрде ашылды. Оған «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров, белгілі саясаттанушы Айдос Сарым қатысты.

Соңғы жаңалықтар