Аида Балаева: Ізгілік пен адамгершілік қымбат құндылықтарымыз болып қала береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Құрбан айт меркесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аида Балаева өз құттықтауында замана талаптары өзгерсе де ізгілік, махаббат пен адамгершілік қымбат құндылықтарымыз болып қала беретіндігі туралы айтты.

«Соңғы айларда біздің өміріміз күрт өзгерді. Біз де өзгердік. Бүгінге дейін, көп мән берілмеген құндылықтар: денсаулық, жақындарымыздың амандығы, қарапайым қарым-қатынас ең басты әрі қымбат құндылықтар екенін өмір бізге тағы бір рет дәлелдеді... Бірақ замана талаптары өзгерсе де – ізгілік, махаббат пен адамгершілік, достық пен келісім мәңгілік қымбат құндылықтарымыз болып қала береді», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында .

Сондай-ақ, министр қазір қонаққа бару, мерекелік және дәстүрлі шараларды өткізуде жаңа ережелер талабын орындау маңыздылығын ескертті.


Соңғы жаңалықтар