Аида Балаева Халықаралық көші-қон ұйымының Субөңірлік үйлестірушісімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Орталық Азия бойынша Субөңірлік үйлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстандағы миссияның басшысы Зейнал Гаджиевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр ведомствоның қызметімен, оның ішінде диаспоралдық саясат саласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

З.Гаджиев Қазақстанның көші-қонды басқарудың заманауи жүйесін құру жөніндегі кешенді міндеттерді шешудегі маңызды рөлін атап өтті.

Тараптар өзара іс-қимылдың басым бағыттарын, оның ішінде әзірленіп жатқан «ҚР Үкіметінің шетелдік диаспоралармен өзара іс-қимыл бойынша күш-жігерін қолдау» жобасын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бір-бірін ағымдағы және жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етіп, ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.


Соңғы жаңалықтар