+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Аида Балаева емханалар турасында: Адамдар ұзын-сонар кезекке шағымдануда

2019 жылғы 8 қазан 15:29
Бөлісіңіз:
Аида Балаева емханалар турасында: Адамдар ұзын-сонар кезекке шағымдануда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентiнiң көмекшiсi — ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева елордадағы денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік монета алды Биыл Нұр-Сұлтанда 11 медициналық амбулатория ашылады Үш миллион қазақстандық сүйек тіні әлсіреуінен зардап шегеді - сарапшы

«Тұрғындар емханалардағы ұзын-сонар кезекке шағымданып келеді. Сонымен қатар, тіркеуге тұру бағытында, медициналық стационарларға квоталар алуға тұрғысында проблемалар бар», - деді ол елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте.

Бұл факті онлайн қосымша секілді заманауи тетіктер шұғыл мәселелерді тиімді шешуге ықпал етпей тұрғанын көрсетеді.

«Осындай ресурстардың жұмысына бақылау тетіктерін жетілдіру керек, бұл шаралар нақты нәтижеге негізделуі тиіс, яғни азаматтар сұранысын қанағаттандыруы керек», - деп атап өтті Аида Балаева.

Сонымен қатар ол жұртшылық баратын жерлерде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толыққанды қолайлы жағдайдың жоқтығын атап өтті. Мұндай қоғамдық орындарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жабдықтарды орнатуда немқұрайлылық орын алуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Орталық теміржол ауруханасының апаттық жағдайы проблемасын көтерді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT