Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгімелесу барысында А.Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісін Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Микаэла Фриберг-Стори Министрліктің жұмысына оң баға беріп, БҰҰ-ның 27 агенттігінің атынан бірлескен жұмысқа қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға дайындық барысы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті өзара іс-қимылға, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыруға өзара ықыласын мақұлдады.



Соңғы жаңалықтар