+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Аида Балаева: БАҚ-қа карантин кезінде қолдау көрсету шаралары әзірленді

2020 жылғы 5 маусым 10:20
Бөлісіңіз:
Аида Балаева: БАҚ-қа карантин кезінде қолдау көрсету шаралары әзірленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында қысылтаяң шақтағы журналистердің еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« Министрлік өз тарапынан елміздің бұқаралық ақпарат құралдарының пандемия кезіндегі экономикалық қиындықтарды еңсеруіне қолдау көрсету бағытында бірқатар шараларды әзірледі. Үкімет тарапынан жасалатын бұл қолдау аясында салық және міндетті аударымдарға байланысты уақытша жеңілдіктер қарастырылып отыр. Сондай-ақ коммерциялық теле-радиоарналардың аналогтық және эфирлік хабар тарату қызметтері үшін ақы төлеуі бойынша қолдау жасалады. Бұл шара телерадио компаниялардың қарыздарын жауып, коммерциялық телеарналардың хабар таратуын сақтауға және елдің, әсіресе шекара маңындағы өңірлерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT