+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Аида Балаева: БАҚ-тың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастырудағы еңбегі зор

2021 жылғы 24 маусым 18:12
Бөлісіңіз:
Аида Балаева: БАҚ-тың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастырудағы еңбегі зор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының кері байланыс тетігі ретінде қалыптасуында БАҚ-тың рөлі ерекше екенін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Перзидент бастамашы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қазір толығымен қоғамммен кері байланыстың тиімді тетігі ретінде толықтай қалыптасты. Ең бастысы, журналистика келешекте де әрдайым қоғам өмірінде жетекші рөл ойнайды», - деді министр URKER-2021 ұлттық бәйгесінің марапаттау шарасында.

А.Балаева БАҚ саласын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктің өзегі ретінде атады.

«Ақпарат кеңістігінің қоғам дамуындағы алатын орны, қосатын үлесі де өте зор. Себебі медиа тек ресми ақпаратты тарататын құрал емес, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік идеологияның өзегі екенін үнемі айтып келеміз. Азаматтық қоғамның қарқынды дамуы журналистердің кәсіби және азаматтық белсенділігіне тығыз байланысты. Ендеше осындай ауқымды саланың жүгін арқалап, маңызды міндетті атқарып жүрген журналистер қауымына зор алғысымды білдіргім келеді», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT