+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Аида Балаева 42 мың теңге төлем алу үшін не істеу керектігін түсіндірді

2020 жылғы 1 сәуір 13:42
Бөлісіңіз:
Аида Балаева 42 мың теңге төлем алу үшін не істеу керектігін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекеттен 42 мың теңге төлем алуға құқығы бар азаматтарға не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай ахуалына байланысты мәлімдеме жасап, мемлекет қабылдайтын азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа шаралар топтамасын жария етті. Басты тақырыптардың бірі ең төменгі жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) жаңа әлеуметтік төлем алу мәселесі болды. Бұл шара төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған адамдарға қолдау үшін көрсетіледі. Төлем алу үшін өтінім берудің реттік тетігі туралы ақпаратпен бөліскім келеді», - деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Сонымен мемлекеттен көмек алуға құқығы бар азаматтардың өтінім мен тізім беруі үшін іс-әрекетінң толық алгоритмімен мына сілтеме арқылы өтіп таныс бола аласыздар.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Әлеуметтік қолдау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT