AIBA мен Allisports өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоймақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариядағы Лозанна қаласының Олимпиадалық мұражайында Әуесқой бокс Халықаралық федерациясы (AIBA) мен Alibaba Sports Group (Allisports) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою қарсаңында ресми кездесу болып өтті. Бұл туралы AIBA-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жоспарланып отырған Меморандумға қол қою аясындағы ынтымақтастық боксты қалың жұртшылық арасында одан әрі әйгілендіру үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынып, спорттың бұл түрімен айналысатындар санының өсуіне септігін тигізеді. Соңғы жылдары көптеген мамандар бокстың өзінің көрінісі мен тартымдылығын жоғалтқанын атап өткен. Және бұл ретте AIBA басшылығының, соның ішінде оның президенті, доктор Чинг-Куо Вудың біздің қызметімізге онлайн және мобильдік коммерцияның алдыңғы қатарлы тәжірибесі бар жетекші әлемдік компанияны тарту бойынша өткізіп жатқан жұмысын атап өту керек. Бұл өзара тиімді ынтымақтастық болады деп ойлаймын», - деп атап өтті AIBA вице-президенті, Азиялық бокс конфедерациясының (ASBC) президенті Серік Қонақбаев.
null

Соңғы жаңалықтар