AIBA Астанадағы бокстан әлем чемпионатын жыл оқиғасы деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс қауымдастығы 2016 жылдың мамыр айында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын әуесқойлар боксындағы ерекше оқиға деп атады.

null
Награданы Швейцариядағы жыл қорытындысына арналған арнайы кездесуде Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновке AIBA табыстады. Жүздесу барысында ұйымдастырушылықтың жоғары деңгейі, Барыс Аренадағы керемет шоу мен жобаның жақсы жүзеге асырылғандығы атап өтілді. Астанадағы әлем чемпионатына 65 елден келген 295 спортшы қатысты, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

  «Бұл тек 2016 жылдағы ғана емес, сондай-ақ әйелдер боксының 15 жылдық тарихындағы  үздік чемпионат, - деді AIBA әйелдер комиссиясының төрағасы Джойс Боуэн. - Мен Қазақстанның барлық қатысушыларға деген қонақжайлығына, ұйымдастырушылық деңгейіне тәнті болдым. Қазақстан бокс федерациясының осы наградамен марапатталғанына қуаныштымын. Басқа да ұлттық федерацияларға үлгі болатынына сенімдімін».

null  

 Жыл қорытындысы бойынша Өзбекстаннан әлем чемпионы Хасанбой Дусматов пен Ұлыбританиядан Никола Адамс үздік боксшы деп танылды. AIBA биылғы жылы жаңа сыйлықты «аңызға айналған боксшылар» - Legends Award бекітті. Аталмыш сыйлыққа Брахим Аслум, Владимир Кличко мен Мэри Ком ие болды. Марапаттау салтанатына Қазақстаннан AIBA вице-президенттері Тимур Құлыбаев, Серік Қонақбаев, ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚБФ халықаралық байланыс жөніндегі үйлестіруші Динара Болатбекқызы қатысты. 

Соңғы жаңалықтар