АИ -95 бензинінің 40 мың тонна қоры бар – министрлік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ай сайын 70 мың тонна АИ-95 маркалы бензині қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна, ай сайынғы тұтыну көлемі 70 мың тоннаны құрайды», - деген хабар таратты министрліктің баспасөз қызметі.

Ақпаратта айтылғандай бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы бензин қоры 16 күнге жетеді.

«Егер жанар-жағармай құю бекетінде бензин сатуға қатысты шектеу болса, оның мән-жайын сол жерден сұрау керек», - дейді ведомстводан.

Айта кетсек, елімізде энергетика саласын зерделейтін ресми ақпарат арнасы іске қосылды.

Сондай-ақ, электр энергетикасы туралы заңға өзгерістер енгізілді .

Мемлекет басшысы 30 маусым күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.


Соңғы жаңалықтар