Ахуал қиындаса, HalykArena және Алматы Arena сарайларында инфекциялық стационар ашылады
«Стационарларға келіп жатқандар саны артып келеді. Төсек-орындарының тапшылығы байқалып жатыр. Бүгінде провизорлық төсек-орындар 90%-ға жүктелген, инфекциялық төсек-орындар 95% -ға жүктелген. Егер эпидемиологиялық ахуал қиындай түссе, HalykArena базасында 500 орын ашуды қарастырудамыз. Сондай-ақ, біз 150 төсек-орынға арналған «Теміржол ауруханасы» АҚ госпиталі базасында жұқпалы аурулар стационарын ашатын боламыз. Осылайша, жұқпалы ауруларға арналған 1940 төсек-орынға қосымша тағы 650 орын ашылатын болады. Жағдай одан әрі ушыққан жағдайда, «HalykArena» базасындағы төсек-орындар санын 300 төсек-орынға көбейту мүмкіндігі бар. Сол сияқты «AlmatyArena» базасында да стационар ашуға болады. Осының барлығы есептегенде, 3700-ге дейін жұқпалы аурулар орнын, провизорлық төсек-орындарын 1000-ға дейін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз жатақханалар базасында провизорлық және жұқпалы аурулар төсек-орындарын ашу мәселесін қарастыратын боламыз», - деді Камалжан Надыров.
Ол неліктен спорт нысандары таңдалғанын айтты.
«Біз қаладағы барлық бос орындардың инспекциясын жүргіздік. Инфекциялық стационар болу үшін бірқатар талаптары бар. Бұл ғимараттарды дезинфекциялық өңдеуге болады. Сондай-ақ, желдету жүйесі жақсы», - деді ол.
Қазір уақытта дәрігерлер мен мейірбикелер бригадасы құрылып жатыр.