Ахметжан Есімов «Самұрық-Энергоның» басшыларын жазалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың портфельдік компанияларының басшыларымен кеңес өткізді. Жиын барысында бірқатар компаниялардың қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы А. Сәтқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды.

Кеңес барысында Ахметжан Есімов «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековті тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді міндеттеді.

Жиын барысында қор тобындағы компаниялар қызметі бойынша басқа мәселелер қарастырылды.

Сонысмен қатар, Ахметжан Есімов «Тау-кен-Самұрық» АҚ басқарма төрағасы ретінде Қанат Құдайбергеновті таныстырды.

Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Қаратау» ЖШС және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сонымен қатар, Қанат Құдайбергеновке «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның ұйымдық құрылымын реттеу жүктелді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісімшарт мерзімі аяқталды және одан әрі  ұзартылмады.  

Соңғы жаңалықтар