+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Ахметжан Есімов пен Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2019 жылғы 17 қазан 18:47
Бөлісіңіз:
Ахметжан Есімов пен Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс және Түркістан қалаларындағы құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Олар алдымен қор қаржыландыруымен күрделі жөндеуден өткен «Ақнұр» балабақшасында болып, балалармен тілдесті. 65 жыл бұрын кірпіші қаланған ғимаратқа апат кезінде зақымданған. Бұдан кейін батырлар Аллеясын жаяу аралап өтіп, Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті. Жергілікті қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

«Құрылыс сапасын тұтынушы білер. Бастысы – халық ризашылығы. Осының бәрі тірліктің көзін тауып, басқарып отырған басшыларыңыздың арқасында», – деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс ақсақалдарымен кездесу кезінде.

Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев пен Ахметжан Есімов толықтай жаңартылған теміржол вокзалында болып, күрделі жөндеужұмыстарын тексерді. Арыстықтар аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасын 1200 орындық жаңа стадионда өтетін доп додасында қарсы алды. Өмірзақ Шөкеев пен Ахметжан Есімов жас спортшылармен бірге футбол алаңында доп теуіп, ойынды ашып берді.

Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры қаладағы 68 нысанды қалпына келтіруге қол ұшын созып, 53 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 3 қоғамдық орын нысандарын толық жөндеуден өткізді. 16 мектеп жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді. Бүгінде 64 нысан ел игілігіне берілді. Тағы 4 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Түркістан қаласындағы 7 әлеуметтік жоба да қор қолдауында. Олардың құрылысымен танысқан «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы, Оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Конгресс орталығы, Қ.А.Ясауи мұражайы мен амфитеатрда болды.

Ахметжан Есімов пен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City жобасын дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді. Жоба ақылды қала (Smart City) Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, өңірдегі энергетикалық кешеннің даму тақырыбы сөз болды. Жақын уақытта қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысы жүзеге аспақ, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.

«Бұл дайындалған меморандум алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Меморандумның басым бөлігі сатып алу мәселесіне, атап айтқанда импорт алмастыру және жергілікті қамтуды дамытуға арналды. Қор ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу арқылы Түркістан облысында жаңа өндірістерді құруды көздейтін жобаларға қолдау көрсетеді. Әкімдік өз тарапынан жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тараптар Түркістан облысының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор БЦП бар балаларды оңалту бағыты бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге, инкюзияны қолдау кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыруға, салауатты өмір салты мен спортты танымал етуге 7100-ден астам адам қаржылай қолдау көрсетеді. Сөз соңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» қорына аймақтың дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT