+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Ахметжан Есімов «Қорғас - шығыс қақпасына» барды

2019 жылғы 2 шілде 09:00
Бөлісіңіз:
Ахметжан Есімов «Қорғас - шығыс қақпасына» барды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА нысандары мен ағымдағы қызметімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор басшысы «Хоргос» көліктік-логистикалық хаб аумағында орналасқан жалпы көлемі 3010 шаршы метр болатын «Қазпошта» АҚ-ның кеден қоймасымен танысты. Қойма әуе жеткізу мерзімін 2-3 күнге және көлік жеткізу мерзімін 7-12 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ пошта операторына серіктестер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бүгінде «Қазпошта» АҚ инфрақұрылымын Clevy, «OBORCloud Network Technology Co., Ltd» компаниялармен және басқа да қытайлық логистикалық компаниялармен келісімге қол жеткізді.

Сонымен қатар, қытайлық серіктестер осы жылдың соңына дейін Қазақстан арқылы 400 тоннадан астам тауар жіберуге дайын. Қойма Қытайдан Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдеріне жіберілетін транзиттік жүктерді өңдеуге арналған. Қойманың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 15-20 тонна, ал сыйымдылығы 58 тоннаны құрайды.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов Құрғақ порт пен «Заря Ltd» ЖШС астық терминалына барды. Мұнда 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңделген контейнерлердің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 39 %-ға артып, 133 мыңнан астам ЖФЭ ( жиырма фунттық эквивалент) құрайды.
null

Айта кеткен жөн, Алтынкөл шекара бекетінің логистикалық инфрақұрылымын, «Хоргос-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрғақ портын, Ақтау теңіз портын белсенді пайдалану осы бағытты және бүкіл аймақты дамытуға ықпал етеді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қордың қолдауымен Ақтау теңіз портынан Қазақстанның алғашқы «Түркістан» фидерлік кемесі Баку портына жол тартты.

Сонымен қатар, Қор басшысы АЭА аумағында жаңа нысандарды іске қосу жоспараларымен танысты. 2019 жылдың соңына дейін АЭА-да төрт жаңа зауыт ашылады. 2025 жылға дейін жалпы құны 421 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT