Ахметжан Есімов Елбасыға «Самұрық-Қазынаның» экономикалық жағдайын баяндады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Елбасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

А.Есімовтің мәліметі бойынша, «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 трлн теңгеден асты.


Соңғы жаңалықтар