Ахметжан Есімов батыстағы газ-химия кешенінің құрылысына оң баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Маңғыстау және Атырау облыстарына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, Есімов алдымен «Қашаған» кен орнының жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан полипропилен зауытын және тағы да басқа маңызды нысандарды аралап көрген.

Сондай-ақ, жұмыс сапарында Ахметжан Есімов Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен кездесіп, Қордың компаниялар тобымен арадағы өзара ынтымақтастық туралы кеңес өткізді. Кеңес барысында екі тарап бірлескен жобалардың, соның ішінде қайырымдылыққа қатысты жобалардың даму мәселелерін талқылады.

Айта кетерлігі, Маңғыстау облысы бюджетінің 38% астамын қалыптастырып отырған Қордың портфельді компаниялары.

«Самұрық-Қазына» басшысы «Қашаған» кен орнындағы теңіз кешенінің D аралын аралап, нысанның қазіргі жағдайынан хабардар болған. Айта кетейік, кешенді жөндеуден өткен «Қашағаннан» қазір күніне 400 мың баррель мұнай алынады.
null

Жалпы, 2018 жылы «Қашағаннан» жылына 11,3 млн тонна мұнай алу жоспарланған болатын. Алайда бұл жоспар асыра орындалып, кен орны былтыр 13,2 млн тонна мұнай өндірген.

Ахметжан Есімов сондай-ақ, «Kazakhstan Petrochemical Industries» атты газ-химия кешенінің құрылысын аралады. «Самұрық-Қазына» басшысы кешендегі менеджмент ауысқаннан кейінгі құрылыс барысын оң бағалады. Қазіргі таңда жобаның жүзеге асырылу жылдамдығы 34% құрайды. Ал, 2017 жылдың 27 қарашасы мен 2018 жылдың 28 маусымы аралығында жобаның жүзеге асырылу жылдамдығы небары 6% болатын.

«Қазір зауыттың бас жоспары мен технологиялық сызбасы әзірленген. Жоспар бойынша, жоба құрылысы 2021 жылдың ортасына қарай толық аяқталады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

null

Соңғы жаңалықтар