+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ахметов ісіндегі тағы бір адам рақымшылыққа ілінді

2017 жылғы 31 қаңтар 18:03
Бөлісіңіз:
Ахметов ісіндегі тағы бір адам рақымшылыққа ілінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталғандардың бірі - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болған Мұхтар Адамбеков рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының пробация қызметі Адамбековті рақымшылық арқылы босату туралы өтініш білдірді. Қазыбек би аудандық сотының 2017 жылдың 30 қаңтарындағы қаулысына сәйкес, өтініш қанағаттандырылды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, Адамбеков шартты түрде екі жыл бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды»,-деп хабарлады аудандық соттың кеңсесінен.

Соттың қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ, сондықтан, апелляциялық сатыда бұл шешімге қатысты шағым түсуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Адамбеков әуел баста қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған болатын. Кейін мемлекеттік айыптаушы оның ісін «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» ісіне ауыстырған болатын.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы үкімімен Мұхтар Абамбеков шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сыбайлас жемқорлық үшін 8 жылға сотталған бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов те рақымшылыққа ілініп, мерзімі қысқартылған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT