«Ахмет және ұлттық болмыс» атты республикалық фестиваль басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет және ұлттық болмыс» атты республикалық фестивальдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейі мен Астана халықаралық университетінің педагогика колледжі ұйымдастырып отырған фестиваль 19 қыркүйек пен 19 қазан аралығында өтеді.

Оған мектеп мұғалімдері мен оқушылар, педагог даярлайтын оқу орындары мен ата-аналар қауымдастықтары қатыса алады.

«Бір ай бойы үш бағыт бойынша жұмыстар қабылдаймыз. Бірінші бағыт – «Ахмет жаққан шамшырақ» атты оқушылар арасындағы республикалық драматургиялық қойылым байқауы. Екінші бағыт – «Даналық ойдан дән ізде» атты ата-аналар арасындағы әлеуметтік желі челенджі. Бұл сайыста ата-аналар Facebook, Instagram, TikTok желілерінде ұлт ұстазының шығармаларын өздері орындап, насихаттауы керек. Үшінші бағыт – А.Байтұрсынұлы мұраларының заманауи білім берудегі орны мен маңызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Фестиваль онлайн-іштей және онлайн-сырттай форматта өтеді. Оған қатысу үшін өтінім мен жұмыс материалдарын 15 қазанға дейін өткізу қажет», - дейді мектеп директоры Марс Әблезов.


Фестивальдің ашылу салтанатында ақын Несіпбек Айтұлының «Ахмет» атты жаңа поэмасының тұсауы кесілді.

Шараға қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, поэма авторы Несіпбек Айтұлы және «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалының сценарий авторы Ұларбек Нұрғалымұлы сөз сөйлеп, шараны тамашалауға келген оқушылар мен колледж студенттерінің сауалдарына жауап беріп, рухани әңгіме құрды.






Фото: upload.wikimedia.org



Соңғы жаңалықтар