Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге 500 литр наурыз көже таратылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін ерекше форматта атап өтті. Мерекелік шарада Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге бауырсақ пен 500 литр наурыз көже таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Музей ұжымы ата-баба әруағына арнап құран бағыштады. Жеті түрлі тағамнан дайындалған береке мен молшылықтың символы саналатын көжеден Германия, Өзбекстан елдерінен келген туристер мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген зияратшылар дәм татты.

«Хандарымыз бен билеріміз жатқан қасиетті жерде Наурыздың ерекше лебі сезіледі. Құран бағыштап келген біз арнайы ұсынылған наурыз көжеден дәм татып, Алланың несібесі жауып жатқандай сезімге бөлендік. Еліміз аман, жұртымыз тоқшылықта болсын. Гүлденіп келе жатқан Түркістанның тамыры тереңдей берсін. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, өз алғысымды білдіремін!»,-деді Алматы қаласынан келген турист Зарипа Қыдырова.

Мерекелік шара кесене аумағындағы Ардагерлер саябағында жалғасын тапты. Аталар мен әжелер бір-бірімен көрісіп, Наурыз мерекесімен құттықтады. Ақ түйеге мінген Қыдыр ата ақ батасын беріп, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.

null

Мерекелеудің жаңа қырына мән берген қорық-музей ұжымы «Аң стилі» атты ұлттық киім сән үлгілерін, тазы жүгіртіп, қыран баптаған қазақ саятшыларының шеруін ұйымдастырды. Ұлттық аспаптармен қазақтың халық әндері орындалып, жазба ақындардың Түркістан және Ясауи тақырыбындағы өз шығармашылықтары ел ықыласына бөленді.

null

Сондай-ақ, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков пен оның шәкірті Тұрар Тілеулиевтің «Наурыз» айтысы жыр сүйер көрерменге ерекше серпіліс сыйлады. Айтыс барысында хандардың есімдері, батырлардың даңқы, би-шешендердің абыройы мен сұлтандардың сара жолы өлең болып өріліп, халықтың зор қошеметіне бөленді.

null

Мерекелік жиын барысында шараға қатысқан әжелерге ақ орамал жабылып, балаларға арнайы сыйлықтар үлестірілді. Сонымен қатар, үш сәбидің тұсауы кесілді. Шара соңы ұлттық спорт ойындарына ұласып, жеңімпаздарға арнайы сый-сияпаттар берілді.

null null null null

Соңғы жаңалықтар