13.03.2023 16:14 14 наурыздан бастап Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов монеталары сатылымға шығады АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 наурызынан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан MUHTAR ÁÝEZOV. 125JYLжәнеAHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары сатуға шығарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
03.02.2023 18:48 Астанада baitursynuly.kz сайтының таныстырылымы өтті АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында baitursynuly.kz сайтының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
30.12.2022 18:37 Анкарада Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш ашылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен қазақтың белгілі ағартушысы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Анкара қаласындағы Етимесгут муниципалитетінде Ұлт ұстазының ескерткіші мен паркі салтанатты түрде ашылды.
08.12.2022 11:33 Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атылған күн АСТАНА. ҚазАқпарат – Осыдан тура 85 жыл бұрын, 8 желтоқсан күні Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді.
24.11.2022 16:41 Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің шығатын күні белгілі болды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Соңғы үкім» тарихи фильмінің түсірілімі аяқталды. Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өндіріске енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.11.2022 05:46 Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған түркітанушылар конгресі өтті ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Бүгін Түркістан қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық түркітанушылар конгресі өтті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.11.2022 20:53 Алматыда Байтұрсынұлының музей үйі күрделі жөндеуден кейін ашылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі реэкспозициядан кейін ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.11.2022 17:42 Президенттің бағасы біздің шабытымызға қанат бітірді - Ахмет Байтұрсынұлы мүсінінің авторы АСТАНА.ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласына сапары аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара барысында Президент ескерткіш авторларының жұмысын жоғары бағалаған екен. Осы ретте ҚазАқпарат тілшісі мүсінді жасаған авторлардың бірі Айдос Сәбитұлына хабарласып, аз-кем әңгімеге тартқан еді.
16.11.2022 13:29 Президент Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткішті ашты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барды, деп хабарлайды Ақорда.
11.11.2022 13:47 Алматы – Ахмет Байтұрсынұлының өмірінде үлкен орын алған қала – профессор АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірінде алар орны ерекше. Бұл туралы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда профессор, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.11.2022 13:25 Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Биыл Ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Осыған орай, Алматыда «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.11.2022 12:48 Қарағандылық веломарафоншы 55 күнде 5555 шақырым жүріп өтті ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпара – Қарағандылық әуесқой велосипедші Ернат Мелсұлы 55 күнде 5 555 шақырым жүріп өтті. Ол өзінің веложарысын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.11.2022 20:11 Қарқаралыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылды ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралыда ұлт ұстазы, Алашорданың белсенді өкілі Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.11.2022 21:08 ТҮРKСОЙ аясында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған конференция өтті ЫСТАМБҰЛ. ҚазАқпарат - Бүгін ТҮРKСОЙ аясында Ыстамбұл қаласында (Түркия) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.11.2022 18:34 Ахмет Байтұрсынұлы мүсінінің авторы: Ескерткіш тұлғаның келбетімен қоса, ішкі жан-дүниесін де ашуы тиіс АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бейнесін ерекше жасаған мүсіншінің туындысы әлеуметтік желіде елді сүйсіндіріп, жұрттың ықыласына бөленгенін байқаған едік. Соған орай, ҚазАқпарат тілшісі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатқан мүсіннің авторымен тілдесіп, туынды туралы сұрап-білді.
27.10.2022 19:18 Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған республикалық айтыс өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен ұлт ұстазы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
27.10.2022 07:21 БҚО-да жаңа театр ұлт ұстазына арналған спектакльмен ашылды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы орталығында «Шың» сазды-драма театры ұлт ұстазы, биыл туғанына 150 жыл толған Ахмет Байтұрсыновқа арналған спектакльмен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.10.2022 22:58 Қостанайлық саяхатшы Түркия астанасына велосипедпен жетті АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстандық велосипедші Қостанайдан Анкараға дейін 4600 шақырым жолды жүріп өтті. Ол өзінің веломарафонын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.10.2022 22:26 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төте жазу оқытылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төте жазу сабақтары оқытыла бастады. Бұл туралы аталған университеттің А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы хабарлады.
04.10.2022 19:22 Парижде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті АСТАНА. ҚазАқпарат – Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан 150 жылдық мерейтойы ұйымның штаб пәтері орналасқан Париж қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.