АХҚО үздіксіз білім беру бюросы 2000-нан астам қаржыгер маманды қайта даярлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) өкілдері қаржыландыру және инвестициялау саласында қазір маман тапшы екені айтты.

Осы және басқа да өзекті мәселелер АХҚО-да бизнесті жүргізу шарттары мен инвестициялаудың негіздеріне қатысты өткен Халықаралық инвесторлар апталығы аясында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қарағандыда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қарағанды облысының іскерлік және академиялық топтары өкілдерінің қатысуымен «АХҚО инвесторларының халықаралық апталығы» өтті.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 80 елінде бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы халықаралық ұйымының (IOSCO) қамқорлығымен өткізіледі. Қазақстандық іс-шараның серіктесі - АХҚО.

Іс - шараның мақсаты – қаржылық қызметтердің тұтынушыларын қорғау мәселелерінен халықты барынша хабардар ету, инвестициялаудың негіздері мен АХҚО-да бизнесті жүргізу шарттары туралы ақпараттандыру болып табылады.

Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-ның қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандартына бейімділігін көрсетеді.

«АХҚО-ның халықаралық инвесторлар апталығы» бағдарламасы Қазақстанның 6 қаласын, оның ішінде Қарағанды қаласын да қамтыды.

«АХҚО инвесторларының халықаралық апталығы» академиялық және іскер топтар үшін презентациялар мен ақпараттық сессиялар форматында өтеді.

Күннің бірінші жартысында жастар мен академиялық топтардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру және инвестициялау негіздері туралы ақпараттандыру мақсатында аймақтық жоғары оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін дәрістер өтті.

«Елімізде қаржы саласында қазіргі заманғы қажетті білімі бар мамандар тапшылығы байқалады. Біз академиялық топтармен кездесулерде оларға өздерінің білімдері мен күш-жігерін халықаралық қаржылық сертификаттауға бейімдеуге тырысу керектігін айтып жеткізгіміз келеді. Себебі әлемде жоғары білім емес, одан да көп сертификат қажет. Біз декандар мен ректорларға қаржы факультеттеріндегі соңғы курс осы студенттерді сертификаттарға тест тапсыруға дайындауға арнау керектігін айттық. Ал бұл өте қиын тестілеу», - деді АХҚО Әкімшілігінің Басқарушы директоры Айдар Қазыбаев.

Қазіргі заманғы қаржы саласында кадрлар тапшылығын қысқарту үшін АХҚО-да мамандарды қайта даярлау жөніндегі бюро жұмыс істейді. Осы кезде олар 2000-нан астам адамды қайта даярлады.

Айта кету керек, бастама аясында мемлекеттік қызметшілер – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары үшін де семинарлар өтеді.

Соңғы жаңалықтар