АХҚО семинары отандық компаниялардың қызығушылығын тудырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҮгін елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығы бюросының ұйымдастыруымен тәуекелдері басқару тақырыбына арналған семинар өтті. Шараға қазақстандық ірі компаниялар мен қаржы мекемелерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы бюросының Бүкіләлемдік инвесторлар апталығы аясында өткен шараны кеңсесі Лондонда қоныстанған Razor Risk Management халықаралық компаниясы ұйымдастырды. Шара барысында түрлі салаларда қаржылық модельдеу кеңесшісі Фредерик Делезе, Razor Risk Technologies Ltd компаниясы сату бөлімінің басшысы Питер Уолш  жиналғандар алдында дәріс оқыды.  Мәселен, Фредерик Делезе  қаржы ұйымдарының кредиттік тәуекелдері мәселесіне жан-жақты тоқталып, кредиттік тәуекелдерді қалай жұмсарту мәселелеріне назар аудартты.

Айта кетейік, іс-шара  инвесторлардың мүдделерін қорғау,  қазақстандық мамандардың  біліктілігін арттырубойынша инвестициялық сауаттылықты  дамытуға бағытталған.  Жиынға Ұлыбритания, Франция, Австралия, Италия елдерінің сарапшылары Аазақстанның қаржы нарығына қатысты тақырыптар бойынша ақпараттық сессиялар, семинарлар өткізді.

Соңғы жаңалықтар